Білім және кәсіби машық — бүгіннің талабы

222
0

сканирование0007Қазақстанның жаңа саяси бағытын айқындай отырып, Президент Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтар үшін «үздік білім, лайық еңбек, жарқын болашақ» сияқты жаңа мүмкіндіктер берілетіндігін атап көрсетті. Елбасы Қазақстанда «Зияткерлік ұлт» қалыптастыру идеясын дамыта отырып, еліміздің алдына қойылған тарихи маңызды міндеттерді шешу үшін «Қазақстандықтар жоғары білімді ұлт болуы керек» деп атап өтті.

Президенттің пікірінше, бұл мәселеде қазақстандықтардың жаңа буыны- Тәуелсіз еліміздің құрдастарына ерекше жауапкершілік жүктелді. Олардың білімі, кәсіби біліктілігі, Отанына деген сүйіспеншілігі елімізге «2050 жылдарға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуіне» мүмкіндік береді.
Президенттің айтуынша, жаңа мемлекеттік стратегияны жүзеге асыруда зиялы қауым ерекше рөл атқарады. Олар «біздің жалпы ұлттық құндылықтарымызды нығайтуда жетекші күшке айналулары керек». Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің басты бағдары терең білім, кәсіби іскерлік деген пікірін қолдай отырып, мектеп ұжымы Қазақстанды одан әрі дамытуға, жоғары технологиялы, әлеуметтік саясат жағынан тартымды, инновациялық ғылымы мен бәсекеге қабілетті білім беру жүйесі бар мемлекет ретінде әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуіне үлес қосатын жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша өз үлестерін қоса беретін болады.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, оның «Мәңгілік  Ел» болуына қызмет етеріне сенеміз. «Мың өліп, мың тірілген» Қазақ елі үшін бұдан артық  қандай бақыт пен табыс болмақ?!

Әлима МӘЛІКОВА,
№88 жалпы орта мектебінің директоры.
Шымкент қаласы.