ҰЛТТЫҚ ӨНЕРГЕ ҚОЛДАУ: ТҮРКІСТАНДА ДӘСТҮРЛІ ӘН МЕН ТЕРМЕ ӨНЕРІ ЖАҢА СЕРПІНМЕН ДАМИДЫ

Түркістан облысында ұлттық өнерді ұлықтау мәселесі басты назарда. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров қазақтың ән мен терме өнерін әлемге танытып жүрген мәдениет қайраткері Татьяна Бурмистровамен кездесті. Биыл өнер иесінің сахнада жүргеніне жарты ғасыр толып отыр. Қазақтың қара домбырасын серік етіп, терме мен дәстүрлі әнді жанына серік еткен Татьяна Бурмистрова — бүгінде ұлттық мәдениеттің шынайы жанашыры. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровпен өткен кездесуде рухани құндылықтарды келешек ұрпаққа аманаттау жайы сөз болды.

Тараптар дәстүрлі өнердің бүгінгі ахуалын саралап, оны жастар арасында кеңінен насихаттау жолдарын талқылады. Әсіресе, ұлттық кодты сақтауда терме жанрының орны ерекше екені айтылды. Айта кетейік, биыл Татьяна Бурмистрованың шығармашылық жолына 50 жыл. Осы айтулы датаға орай өңірде бірқатар мәдени іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Кездесуде әнші өзінің алдағы жоспарларымен бөлісіп, мәдениетті дамыту төңірегіндегі ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу соңында тараптар ұлттық өнерді өркендетуге бағытталған жаңа жобаларды қолға алуға уағдаласты. Осылайша, Түркістан төрінде дәстүрлі ән мен терме өнері жаңа серпінмен дамитын болады.