ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ ЖАҢА МЕКЕНЖАЙҒА КӨШТІ

 Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Әл-Фараби ауданының Мансап орталығы Тәуке хан даңғылы, №6 ғимаратқа қоныс аударды. Басқарма мамандары ғимараттың 1-қабатында қызмет көрсетуді бастады.
Басқармаға ғимараттың негізгі есігі арқылы кіруге болады. Ал аудандық Мансап орталығы ғимараттың сол қанатында орналасқан. Сондай-ақ, 2026 жылғы 25 мамырдан бастап Еңбек мобильділігі орталығы да аталған мекенжайдың 3-қабатына көшіп, қызмет көрсетуді бастайды.