Құттықтаймыз!

218
1

6 (1)Медицина саласында қызмет ету зор жауапкершілікті талап етеді. Облыстық офтальмологиялық ауруханасының бас дәрігері Дулат Өмірзақұлының  офтальмология саласында еңбегі орасан. Алғашқы еңбек күндерінен бастап   еңбексүйгіштігімен, қоғамдық белсенділігімен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие болып, ұжымда қызметтестердің игілігіне бөленіп, қарапайым қатардағы дәрігерден бас дәрігерге дейін жоғарылап, қазіргі таңда  офтальмологиялық ұжымды алдыңғы қатарлы медициналық мекемелердің бірі болуына тікелей үлес қосып отыр. Ұжымда белсенді басқарушы, ұйымдастырушы,  көз ауруларын емдеуде тың ғылыми-техникалық жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетті жан, жастарға ұлағатты ұстаз — Дулат Өмірзақұлы Үдербаев өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отыр.

Құрметті Дулат Өмірзақұлы!

Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Облыстық офтальмологиялық аурухана ұжымы Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейді. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта бергей!
Тілек білдірушілер: ОҚО офтальмологиялық аурухана ұжымы