ЗАҢНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН КІМ ҚАДАҒАЛАЙДЫ?

300
0
618108_html_3f563f50-320x360

Нұрлан Бекназаров

Еліміздегі үшінші қалаға айналуы тиіс Шымкентте неше түрлі жағдай болып жатады. «Әртістер» өзгерсе де, сахна өзгермейтін қағида қалыптасқаны қашан?! Сол сияқты облысқа қызметтің тізгінін ұстай келетін шенеуніктер келіп-кетіп жатса да, олардың артында біріне-бірі ұқсай бермейтін «ойын үлгілері» «естелік» болып қалып жатады. Мұндағы «жең ұшынан жалғасқан жемқорлық» қанатын кеңінен жайғаны соншалық, тасада отырып тас ататындар шындық дегенге келгенде көрсоқыр болып қалатын жазылмаған заңдылық бар. Ол, енді, прокуратураны «маңайлай» бастағандай.

Әңгімені әріден бастасақ, соңғы төрт шақырылымнан бері «депутаттық тақтан» түспей келе жатқан Нұрлан Бекназаров төртінші шақырылымның аяқталуына он айдай уақыт қалғанда сол кездегі мәслихат хатшысы Жангелді Махашовты орнынан тайдырып, өзі ұйымдастырған «ойын» бойынша хатшылық қызметке келеді. Оны айы өтіп, төртінші шақырылым тарап, бесінші шақырылымдағы депутаттар сайланып, мәслихат өз жұмысына кіріскен тұста Н.Бекназаров хатшылықтың «тізгініне» тағы «жармасады». Бұл жолы да «айы оңынан» туған Нұрлан Бекназаров Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланады. Оған артылған міндет, тапсырылған аманат, қойылған талап — әрине кешегі күннің еншісінде қалған мәселе. Бүгінгі жағдай — оның өз жұмысын ұйымдастыра алмауы мен өзін депутат етіп сайлаған «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық мәслихатындағы депутаттық Фракциясының атынан берген уәделерінің орындалмауына келіп тіреліп отыр. Бірінші кезекте, Н.Бекназаровтың не істеп, не істей алмағанына баға беретін біз емес, баға беретін — оны сайлауға жіберген саяси партия мен депутаттық корпустағы әріптестері екені ашық әңгіме. Статистикаға жүгінсек, Шымкент қалалық мәслихатындағы 29 депутаттың 25-і «Нұр Отан» ХДП-ның Шымкент қалалық мәслихатындағы  Фракциясының мүшелері. Мәслихаттағы тұрақты комиссияның құрылуынан бастап, бүгінге дейінгі бір жарым жылдық жұмысына көңілі тоймаған, мәслихат хатшысының атқарып отырған іс-әрекетіне «қарындары ашқан» Фракция мүшелері 2013 жылдың 19-маусымы күні партияның Шымкент қалалық филиалында Фракцияның кеңейтілген отырысын өткізеді. Күн тәртібіне мәслихаттағы тұрақты комиссияның құрамын қайта жасақтау және мәслихат хатшысының тарапынан жіберілген ұйымдастырушылық кемшіліктерге байланысты, «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалы Саяси кеңес Бюро отырысының ұсынысын талқылау мәселелері қойылады. Фракцияның кеңейтілген отырысының нәтижесінде «мәслихат хатшысы Н.Бекназаровтың ұйымдастырушылықта жіберген кемшілігі және «Нұр Отан» ХДП Жарғысының 3-бабына сәйкес, «партия беделін түсіретін әрекеттері (әрекетсіздігі) немесе партия мүддесіне зиян келтіретін басқа да әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, Шымкент қалалық мәслихат хатшысының өкілеттігін мерзімінен бұрын босату туралы ұсыныс берілсін» деген қаулы қабылданады. Осы қаулы негізінде мәслихаттың 19 депутаты қол қойып, сессия төрағасы Ж.Омаровқа қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы Фракция мүшелерінің ұсынысына байланысты кезектен тыс сессия шақыруды, сессия тек ұйымдастырушылық мәселелерді қарайтын болғандықтан, оны жабық түрде өткізуді қамтамасыз етуді сұрап, арнайы хат жолдаған. Бұл хатты 20-маусым күні алған сессия төрағасы Ж. Омаров «сессия өткізуді қаматасыз етуіңізді өтінемін» деген бұрыштама қойып, мәслихат хатшысы Н.Бекназаровқа ұсынады. Арада бес күн өткенде, яғни 25.06.2013 жылы қалалық мәслихаттың хатшысы Н.Бекназаров сессия төрағасы Ж.Омаровқа мәслихат аппаратының атынан №1-115 санды хат жолдайды. Оның қысқаша мазмұны мынадай: «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-ші қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-шы бабы 3-ші тармағына сәйкес мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге – сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және әкімге — сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді» делінген. Жоғарыдағылар негізінде, кезектен тыс сессия шақыруға негіз болатын сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге хабарлау және қажетті материалдарды табыс ету үшін қалалық мәслихатқа ешқандай материалдар (ұсыныс, хаттама) түспегендігін мәлімдеймін». Осыған қарағанда, Н.Бекназаров үшін «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңес Бюросы, партияның Шымкент қалалық мәслихатындағы Фракция мүшелері қабылдаған қаулылар құжат емес болып саналып отырғанға ұқсайды. Депутаттар бес күн бұрын тұрақты комиссияның құрамына өзгеріс енгізу туралы кезектен тыс сессия шақыруды сұрап хат жолдайды, ал оған мәслихат хатшысы « кезектен тыс сессия туралы үш күн бұрын хабарланбады, материалдар табыс етілмеді» деген сыңаймен «сырғытпа жауап» береді.
Мәслихат хатшысының жауабы, қалай болғанда да, жұмысы онсыз да қожырап тұрған депкорпустың тірлігіне демеу болмаған соң, сессия төрағасы Ж.Омаров мәслихат хатшысы Н.Бекназаровқа қайталап хат жолдайды. Онда былай делінген: «Сіздің 25.06.2013 жылғы 1-115 хатыңызға сәйкес қалалық мәслихаттың сессиясында қаралатын мәселе ұйымдастырушылық сипатта болғандығын ескерте отырып, сізден кезектен тыс сессияны шақыруыңызды сұраймын. Сессия тек ұйымдастырушылық мәселелерді қарайтын болғандықтан жабық түрде өткізілуін қамтамасыз етсеңіз. Күн тәртібінде қаралатын мәселе: қалалық мәслихат жұмысын жандандыру үшін тұрақты комиссияның құрамын қайта жасақтау, Шымкент қалалық мәслихаты хатшысының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, қалалық мәслихаттың хатшысын сайлау». Бұл хат негізінде де мәселе «баяғы жартас, сол жартас» күйінде қалады. Тіпті, қалалық мәслихаттағы «Өзін өзі басқару және заңдылық» тұрақты комиссиясы отырысының «20.06.2013 жылы 19 депутат қол қойған хатқа байланысты мәслихат хатшысы сессия шақыруды ұйымдастырсын. Күн тәртібі «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық Фракциясының қаулысына сәйкес қаралсын» деген  қаулысы да елеусіз, ескерусіз қалады.
Мәслихат хатшысы Н. Бекназаровтың сессия өткізуге қасақана кедергі жасап, өзінің жеке мүддесі үшін мемлекеттік қызметін пайдаланып отырғанын алға тартқан «Нұр Отан» ХДП жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасы М.Юсупов Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорына төмендегідей хат жолдайды: «Уважаемый Ибрагим Альжанович! В целях разъяснения противозаконной и коррупционной ситуации, которая имеет место в деятельности Шымкентского городского маслихата со стороны секретаря городского маслихата Н.К. Бекназарова и для необходимости принятия процессуальных мер, считаю необходимым пояснить следующее…
20.06.2013 года 19 депутатов Шымкентского городского маслихата в целях организации работы маслихата г. Шымкента в соответствии с Законом Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в РК» от 23 января 2001 года, письменно обратились председателю сессии Шымкентского городского маслихата Ж. Омарову о подготовке и проведении внеочередной сессии городского маслихата. На основании данного депутатского обращения, председатель сессии Шымкентского городского маслихата Ж. Омаров дает секретарю Шымкентского городского маслихата Н. Бекназарову поручение о подготовке и проведении внеочередной сессии городского маслихата.
25.06.2013 года секретарь Шымкентского городского маслихата Н.Бекназаров используя свое служебное положение в корыстных целях, по необоснованному мотиву отклоняет подготовку и созыв внеочередной сессии городского маслихата (Письмо №1-115 от 25.06.2013 года).
Председатель сессии Шымкентского городского маслихата Ж. Омаров вторично дает секретарю Шымкентского городского маслихата Н.Бекназарову поручение о подготовке и проведении внеочередной сессии Шымкентского городского маслихата с конкретной повесткой дня, которое также осталось без исполнения со стороны секретаря городского маслихата Н. Бекназарова, хотя ему своевременно было представлено постановление совместного заседания Политсовета Бюро Шымкентского городского филиала НДП «Нур Отан» и Фракции НДП «Нур Отан» при Шымкентском городском маслихате.
В последующем постоянная комиссия по вопросам местного самоуправления и соблюдения законности городского маслихата 11.07.2013 года устанавливает факты нарушения подпункта 1 пункта 3 статьи 19 Закона РК «О государственном управлении и самоуправлении РК» со стороны Н. Бекназарова и, на основании обращения 19 депутатов маслихата принимает постонавление о созыве внеочередной сессии городского маслихата и в соответствии с постановлением совместного заседания Фракции НДП «Нур Отан» при Шымкентском городском маслихате и Политсовета Бюро шымкентского городского филиала НДП «Нур Отан», принимает  постановление о созыве внеочередной сессии городского маслихата, которое также, грубо, в нарушение требований Закона РК «О государственном управлении и самоуправлении РК», уже в третьи раз осталось без исполнения со стороны Н. Бекназарова.
Н.Бекназаров грубо нарушает Конституционные права Шымкентского депутатского корпуса и членов Фракции НДП «Нур Отан» при городском маслихате, ставя личные интересы выше интересов представительской власти и Законов РК, лоббируя свои личные корыстные интересы вопреки требованиями Законов РК, регулирующих деятельность представительной власти в РК. Незаконные действия Н.Бекназарова наносят непоправимый урон деятельности Шымкентского городского маслихата.
Противозаконные действия Н.Бекназарова, как представителя представительной власти, занимающего высокую политическую должность, должны рассматриваться  соответствующим надзорным органом ЮКО, с привлечением его к уголовной ответственности по статьям 307 УК РК «Злоупотребление должностными полномочиями и 308 УК РК «Превышение власти или должностных полномочий».
Обращая Ваше внимание на то, что в действиях секретаря городского маслихата Н. Бекназарова содержится признаки преступления, предусмотренного статьями 307 УК РК «Злоупотребление должностными полномочиями и 308 УК РК «Превышение власти или должностных полномочий», прошу принять соответствующие процессуальные меры в отношении секретаря городского маслихата Н. Бекназарова».
Бұл хат 12.08.2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының міндетін уақытша атқарушы А. Қыдырбайдың қолына тиеді де, ол М. Юсуповтың хаты бойынша Н.Бекназаровтың заңсыз іс-әрекетін қарау үшін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры Е.Қожабековке жолдайды. Заңсыздық орын алып тұрғанын біле тұра, шешім қабылдауды өзіне тапсырған соң Е.Қожабеков «аянып» қалсын ба, хат қолына тиген күні, яғни 14.08.2013 жылы аталған хат Е.Қожабековтің қол қоюымен ОҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы С.Ерімбетовке жолданады. Заңдылықтың орындалуын қадағалаушы орган басшылары бейтарап қарап отырған соң қаржы полициясы да қарап қалама ма, оның сыртында М. Юсуповтың хаты қаралды ма, қаралмады ма, ол жағы тағы беймәлім, 20.08.2013 жылы ОҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы Х.Маматаевтың алдынан мәслихат хатшысы Н.Бекназаровтың іс-әрекетінен қылмыс белгісі табылмады деген жауап шығады. Осы тұста айта кететін бір мәселе, қарапайым адамдар арыз жазса айлап-апталап алдарында жататын құқық қорғау органы басшыларының Н.Бекназаровқа келгенде «космостық жылдамдықпен» шешім қабылдап кетуінің астарында не сыр болуы мүмкін? 14-тамызда Әл-Фараби ауданы прокурорының алдынан шыққан хат ОҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы С.Ерімбетовтің алдына қашан барды, ол қашан басқарма басшысы Х.Маматаевтың алдына түсті, аталған хатқа қалайша бас-аяғы алты күннің ішінде жауап берілді? Оның үстіне хат 14-тамыз күні Әл-Фараби ауданы прокурорының алдынан шықты делік, 14 және 15 тамыз жұмыс күні болсын, 17-18 тамыз демалыс күндері, 19-тамыз дүйсенбі, 20-тамыз күні жауап дайын! Бұл не деген оперативтілік? Облыстық қаржы полициясы Н.Бекназаровтың әрекетін ешқандай тексерусіз жіберді. Тіпті, бұл жауаптың күні мен шығыс нөмірінен басқасы алдын-ала дайын болмады дегенге бұдан кейін сенбеуге бола ма?!
Заңдылықтың құрдымға кетіп, заңсыздықтың сайран салғаны кімге ұнайды?! Оның үстіне депутат болу — еңбек өтілі немесе қаржысы жетіп секіріп отыра кететін мемлекеттік қызмет емес, жауапкершілігі жеткілікті, аманаты асыл жұмыс. Әрбір халық қалаулысының артында мыңдаған сайлаушысы бар, әрбір сайлаушы қоғам мүшесі. Осыны түсінген болуы керек, Шымкент қалалық мәслихатының сессия төрағасы Ж.Омаров 26.08.2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры И.Имановтың атына «Уважаемый Ибрагим Альжанович! В связи с продолжающимися противозаконными действиями со стороны секретаря Шымкентского городского маслихата Н.Бекназарова, считаю обязанным проинформировать Вас для принятия законных действий на основании действуюших законов РК. 22.08.2013 года я принимал активное участие в работе расширенного заседания постоянной  комиссии при Шымкентском городском маслихате. По окончании работы комиссии я потребовал, как председатель сессии, у секретаря маслихата, чтобы он включил в повестку дня следующей сессии вопрос, который был поднят в обращении 19 депутатами городского маслихата еще 20.06.2013 года, и постановлением постоянной комиссии городского маслихата по самоуправлемие и законности от 11. 07. 2013 года. Уже в четвертый раз Н.Бекназаров самовольно, используя свое служебное положение, не включает данный вопрос в повестку дня сессии. На основании Закона РК «О местном государственном управлении» в полномочия председателя сессии входит принятие распоряжения о созыве сессии, формирование повестки дня  руководство подготовкой и организацией сессии. Исходя из этого на мое имя пришло письмо акима города о созыве сессии с двумя вопросами. Мною секретарю городского маслихата 20.08.2013 г. было дано указамие о созыве сессии 23.08.2013 т. С тремя вопросами. Злоупотребляя служебным положением, фабрикуя незаконные акты, секретарь городского маслихата М.Бекназаров лишил меня права, как председателя сессии, выполнять  свои законные объязанности. Мной, как председателем сессии, было дано распоряжение об отмене сессии в случае неподготовленности материалов секретарем маслихата, тогда как ои ввел в заблуждение депутатов городского маслихата. Сказав, что я отсутствую по болезни, самостоятельно, без моего согласия провел заседание сессии, в то время как я не подписывал документов по повестке дня и о проведении сессии. Н.Бекназаров, используя свое служебное положение в корыстных целях ввел в заблуждение не только меня, но и весь депутатский корпус. Действия Н.Бекназарова считаю противозаконными, нарушающими мои гражданские права, оскорбляющими мое человеческое достоинство, лишил меня права в исполнении обязанностей председателя сессии. Прошу рассмотреть противозаконные действия Н.Бекназарова с привлеченисем его к ответственности по статьям 307 УК РК «Злоупотребление должностными полномочиями» и 308 УК РК «Превышение власти или полномочий» деп хат жазады. Ж.Омаровтың хаты бұл жолы да облыс прокурорының өзіне бармай, орынбасары Б.Джанибековтің қолына тиеді. «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» дегеннің кері келеді, тағы. Б.Джанибеков Ж.Омаровқа хаттың тағы да ОҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жолданғаны туралы хабарлайды. Қысқасы, қызметтік заң бұзушылықты қараудың орнына қаржылық қылмыс болмаса да, қаржы полициясына жіберіп, Н. Бекназаровқа шара қолданбай, жауапкершіліктен алып кету, жауапкершіліктен жалтару екінші рет қайталанып отырған сияқты.
Жалпы алғанда, прокуратура — еліміздегі заңдылықтың орындалуын қадағалаушы орган. Солай бола тұра, бұл заңдылық оңтүстікте неге салтанат құрмайды? Әлде, заңдылықтың орындалуын қадағалаушы органның бар істі экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне сілтеп қоя салуының астарында бір «мән» бар ма екен? Бұған Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры қандай баға беруі мүмкін?
Жалпы алғанда, мұндай «көзбояушылық» Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында ғана емес, Әл-Фараби аудандық прокуратурасында да бірнеше рет орын алған. Мәселен, депутат, ОҚО мәслихатының азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссисының төрағасы, «Нұр Отан» ХДП ОҚО Саяси Кеңесінің бюро мүшесі-құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері бойынша кураторы, партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ө.Мелдеханов өзінің 22.07.2013 жылғы №570 санды хатымен Әл-Фараби ауданының прокуроры Е.Қожабековтен 2010-2011 жылдары Әл-Фараби ауданы прокуратурасымен Шымкент қалалық мәслихатына бюджеттен бөлінген қаржыға, қалалық мәслихаттың тексеру комиссиясының мүшелерінің тексеру жұмыстарына, сонымен бірге Н.Бекназаровтың және басқалардың іс-сапарға, басқа қажеттіліктерге жұмсаған қаржыларының заңдылығына тексеру жүргізілгенін, қазіргі кезде осы аталған тексеру бойынша жинақталған құжаттардың және тексеру қорытындыларының көшірмелерін алу қажеттілігі туындауына байланысты жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жолдау үшін депутаттық сұраныс жасаған. Түсініксізі сол, хатқа Әл-Фараби ауданының прокуроры Е.Қожабеков емес, облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.Джанибеков жауап береді. Ол сұраныс хат облыстық прокуратурада қаралғандығын, прокуратураның өз қызметін басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз жүзеге асыратындығын және органның ел Президентіне ғана есеп беретіндігін, ҚР Конститутцияның 83-ші бабына, «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 3-ші бабына сәйкестендіріп түсіндіреді. Турасы, хатта тексеру нәтижесі бойынша түзілген анықтамамен Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы таныстырылып, ол негізінен қаралуына байланысты, сұратылып отырған құжаттарды қалалық мәслихаттан алуға болатынын. Бұған күлесіз бе, жылайсыз ба? Мәслихат хатшысы Н.Бекназаровтың 2010,2011 жылдары тексеру комиссиясының төрағасы болғаны белгілі. Ендеше, бүгінгі хатшы кешегі күні өзі жасаған қызметтік қателіктері немесе жіберген кемшіліктері туралы мәліметті сұраған адамға бере салады ма екен, егер прокурор бермей отырғанда?! Әлде, бұған облыс прокурорының орынбасары Б.Джанибековтің мән бермеуі немесе түсінбеуі мүмкін бе?
Ары қарай кетейік, 22.07.2013 жылғы Әл-Фараби ауданының прокурорына «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық Кеңестің төрағасы М.Юсупов арнайы шара қолдану жөнінде сұраныс хат жолдаған. Онда Еңбекші аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының атынан қалалық мәслихаттың хатшысы Н.Бекназаровқа жолданған хатты арнайы апарған кезде Н.Бекназаровқа тікелей бағынышты қалалық мәслихаттың аппарат басшысы Ж.Сәдібеков ол хатты алудан және мәслихаттың іс жүргізушісі А.Балғабаеваның да қабылдаудан бас тартатындығында мәлімдеген. Себебін өзінің қалалық мәслихатта ешқандай қызмет атқармайтындығымен түсіндірген. Сөйтіп қызметтік өкілеттігін өрескел бұзуға жол берген. Хаттың мәслихатқа қабылданбағандығы, тіркеуге алынбағандығына байланысты партияның Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Садықов, қалалық филиалдың есепке тіркеу және статистика бөлімінің меңгерушісі А.Аманбаева, Әл-Фараби аудандық филиалының сектор меңгерушісі М.Сейілбекұлы, партияның қалалық филиалының баспасөз хатшысы Р.Айымбеттің тарапынан қол қойылып, акті жасалынған. 11.07.2013 жылғы осы хатты қабылдамаудан соң М.Юсупов 19.07.2013 жылы екінші рет №47 шығыспен Н.Бекназаровтың атына апарған кезде іс басқарушы Балғабаева мен өзін «ешкім емеспін» деп «бағалаған» аппарат басшысы Ж.Сәдібеков тағы да хатты қабылдау мен тіркеуден бас тартады. Бұған да акт жасалынады. Олардың айтқан уәжі хаттарды мәслихат хатшысы Н.Бекназаровтың өзіне жеке тапсыру жөніндегі «ақыл-кеңеспен» аяқталады. М.Юсупов «ҚР мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңының 25-ші бабының 1-ші, 2-ші, 4-ші, 8-ші тармақтарындағы мәслихаттың атқаратын міндеттері мен жүзеге асыратын жұмыстарын атап көрсете келе, Ж.Сәдібеков пен А.Балғабаеваның өз аттарынан емес, бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншік атпен және басқаша да азаматтық және құқықтық мәмілелер жасауы деп санайтындығын мәлімдей келе, «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-ші бабы 10-шы және 12-шы тармақтарында жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың және өз құзіретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет бұзғандығын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда тұлғаларға көрінеу кедергі жасау әрекеттері-сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық болып табылатындығын атап көрсеткен. Заң талаптарына қайшы келген, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оған теңестірілген адамдардың құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттердің белгілері болмаса қызметінен төмендетуге, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдай да заңда белгіленген тәртіппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдануға әкеп соғатындығы заң тілімен баяндалып, аудан прокурорынан осы іс-әрекетке байланысты заңды шара көруді сұранған. Әл-Фараби ауданының прокуроры Б.Қожабеков бұл хатқа 30.07.2013 жылы ҚР Конституциясының 83-бабына және Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметін басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді» деп сілтеме жасап, онда көрсетілген заң талаптарына байланысты, прокуратура органдарының қызметкерлерімен мәслихаттың құрамына қадағалау шараларын жүзеге асыру көзделмеген деген мағынада жауап берген. Ал, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 25-бабының 2-тармағында «Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады», 4-тармағында «Мәслихат аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады» делінген. Яғни, жоғарыда көрсетілген мәслихат аппаратының басшысы Ж. Сәдібеков пен А. Балғабаева мемлекеттік қызметші болып саналады. Осы орайда, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының прокуроры, Әділет кеңесшісі Б.Қожабековке «Нұр Отан» ХДП Еңбекші аудандық филиалының төрағасы М.С.Юсуповтың атынан жіберілген хатта мемлекеттік қызметші саналатын мәслихаттың аппарат басшысы Ж. Сәдібеков пен іс жүргізуші А.Балғабаеваның әрекетіне заңды шара көру туралы айтылғанымен, олардың әрекетіне мемлекеттік қызметкер ретінде жаза қолданылмай, керісінше олардың «жеке мүдделердің» қорғалуына жол беріліп, нәтижесінде прокурордың жауабы өзге бағытқа ойысып, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың орын алуына жол берілген сияқты. Бұл жерде екі хат та қалалық мәслихаттың хатшысының және оның қол астында қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекетіне тікелей байланысты болып отырғандығы ешқандай есепке алынбаған.
Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаев 23.01.2013 жылы ҚР Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП-сының қоғамдық қабылдау бөлмелері өткізетін акцияларға, ашық есік күндеріне және бірыңғай қоғамдық қабылдау күндеріне құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің басшыларының қатысуын тапсырған болатын. Алайда, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының прокуроры, Әділет кеңесшісі Б.Қожабеков 2013 жылы аталған іс шаралардың бірде-біреуіне қатыспаған. Осыдан-ақ Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры Е.Қожабековтің мемлекет басшысының тапсырмасын орындамамайтынын, Елбасының саясатына немқұрайлы екендігін біле беруге болатын секілді, сондай-ақ Елбасының айтып жүрген сөздеріне және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атына айтқан сындардан қорытынды шығармаған сияқты.
Анығын айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысында заңдылықтың орындалуына білімді көзбен қарайтын маман қалмаған деуге болады немесе «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің шындап қолға алынғаны осы шығар?! Басқаны былай қойғанда, мандаты биік халық қалаулыларының талап-тілегі орындалмайтын болса, онда қарапайым халықтың қандай күй кешіп жүргенін осы жағдайлар-ақ көрсетпей ме? Сыбайластықтың беті анау, парақорлықтың өршіп жатқаны мынау! Бұл жағынан Оңтүстік Қазақстан облысы өткен алты айдың қорытындысы бойынша алдыңғы орынға шақты. Заңдылықтың орындалуын қадағалайды, халықтың мұңын, зарын тыңдайды дегендер осылай болса, басқасына не деуге болады?

Қыдыр ҚАЛИЕВ.