Ғабидолла Әбдіраxымов Лондонда
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов Ұлыбритания астанасы Лондон қаласына жұмыс сапарымен барып, онда екі ел арасындағы үкіметаралық комиссия отырысына қатысты.
Сондай-ақ, лондондық такси қызметінің басшысымен кездесу өткізді. Сапар аясында xалықаралық «AECOM» компаниясының атқарушы директоры Патрик Флаертимен кездесіп, «Шымкент Сити» жобасын таныстырды. Өз кезегінде британдық компания басшысы бұл жобаға зор қызығушылық танытты.
Естеріңізге салар болсақ, осы жылдың жаз айында «AECOM» компаниясының өкілдері Шымкент қаласына келген болатын. Сол сапар барысында аталған компанияның аймақтағы директоры Марина Констанян мен қала әкімі облыс орталығына инвестиция тарту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.
«АЕСОМ» — сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорацияларының Fortune-500 рейтингінде 156 орынға ие.
«АЕСОМ» жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында Дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестік әуежайларды, Мәскеудегі «Москва-City» жобасын атап өтуге болады.
Айта кетейік, Қазақстан – «АЕСОМ» компаниясының жұмыс істеп отырған мемлекеттер ішіндегі алғашқы дамушы ел болып табылады.