Жаңа арналар жаңаруда
«Жас Отан» жастар қанатының облысымызда 11 аудандық, 4 қалалық бөлімшесі, 23 341 мүшесі бар. «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы тарапынан 2016 жылғы 10 айында ұйымдастырылған партиялық жобаларға («Жастар Отанға!», «Сәтті қадам!», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Стоп Қылмыс») 20 мыңға жуық жас қатысты.
«Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында жоғары оқу орындарын аяқтаған тұл жетім жастардың тізімі жасақталынып, оларды жұмыспен қамту мақсатында кәсіпорындармен, жұмыс берушілермен 30-ға жуық меморандум жасалынды.
2015-2016 жылдары аралығында 274 тұл жетім жас жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірген. Оларды жұмыспен қамту шараларын жүргізу нәтижесінде, 174 жас жұмыспен қамтылды. 93 жасты жұмыспен қамту шаралары жүргізілуде.
Қазіргі таңда ақылы негізде ЖОО-ға 2020 мектеп түлегі, ҚжТББ мекемелері 1148 түлек, кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтарына оқуға баруға 133 түлек, әскерге баруға 117 түлек ниет білдірді. Өз бетімен 485 түлек жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, 36 мектеп түлегі денсаулығы және отбасылық жағдайына байланысты ата-аналарының бақылауында отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған облысымыздың 11596 мектеп түлектері туралы деректер қоры толығымен қалыптастырылды.
Қазір жоғары оқу орындарындағы дайындық курстарына 2081 мектеп түлегі, 173-і шетелдік жоғары оқу орындарына КжТББ мекемелеріне 3115 түлек, кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтарына оқуға баруға 1178 түлек, әскерге 220 түлек шақырылды. 1680 мектеп түлегі жұмысқа және 2713 түлек өз-өзін жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар, 236 мектеп түлегі денсаулығы және отбасылық жағдайына байланысты ата-аналарының бақылауында отыр.
«Жастарды кәсіпкерлікке баулу, жастар кәсіпкерлігін қолдау» жобасы аясында 2016 жылдың қаңтар — наурыз айлары аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен «Кәсіпкерлік негіздері» атты оқыту курсын ұйымдастыру үшін арнайы бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес 100 жуық жас арнайы әзірленген оқыту курстарына қатысып, сертификат алды.
Жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында 2016 жылдың шілде айында Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп «Innovation» стартап бизнес идеялар байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 82 жоба ұсынылып, олар ішінде ең үздік бизнес идеялар үшін 2000000 млн. теңге көлемінде 10 грант берілді.