ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ

347
0

Оңтүстікте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мобильді топ» құрылды. Ұраны «Парасыз болашаққа бірге!». Бүгін аталған мобильді топ ХҚКО-да (ЦОН) халықпен кездесіп, халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды, жемқорлыққа қарсы бүкіл қоғамды тартуды жəне елімізде жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

20170327_151934-1

Мобильді топтың құрамында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаментінен, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ, жергілікті атқарушы органдар, аймақтық кəсіпкерлер палатасынан жане облысымыздың үздік спортшылардан құралған.

20170327_151955-1

«Мобильді топ» қоғамдық қабылдауды арнайы автобуспен жүзеге асыра отырып, апта сайын халықпен облыс көлемінде тұрақты жүзеге асыратын болады. Іс-шараның негізгі мағынасы — «Табысты жəне гүлденген қоғамды сыбайлас жемқорлықтан еркін азаматтар салуы мүмкін».

20170327_151158-1
Егерде сізге кез-келген мемлекеттік органда сапалы қызмет көрсетілмесе, сыбайлас жемқорлық жайлы фактілер кездессе, тез арада Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі N3 жəне Тəуке хан даңғылы N3  жазбаша арыз қалдырсаңыз болады немесе 1424 Call-орталығына телефон шалыңыз.