ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАМАУДЫҢ САЛДАРЫН ХАЛЫҚҚА КӨРСЕТУ ҚАЖЕТ

Жылыту маусымы кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қатаң бақылауында болады.  Жылыту маусымы кезінде адамдардың қайтыс болуы туралы әрбір фактіге өңірлердегі бөлімше басшылары жауап береді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Юрий Ильин ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыстардың қорытындысы айтылған алқа отырысы кезінде осылай деді,-деп мәлімдейді uakit.kz  ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде министр «Осыған байланысты Өртке қарсы қызмет комитеті барынша пәрменді алдын алу шаралары мен шешімдер қабылдауы, сондай-ақ тұрғын үй секторын аралауды жалғастыруы қажет»,- деді.

Сонымен қатар Юрий Ильин өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері сақталмаса, оның салдарының қандай болатынын халыққа көрсету қажеттігін қадап айтты.

Айта кетейік, жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі мен адамдардың улы газдан улануын алдын алу мақсатында республиканың барлық аумағында төтеншеліктер тиісті мамандармен бірге түсіндіру жұмыстарын бастаған болатын.

Түркістан қаласы бойынша жылыту маусымына байланысты өрт қауіпсіздігін алдын алу, улы газдан уланудан сақтану бойынша төтеншеліктердің тұрғындарға түсіндурі жұмыстарын жүргізуі ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталған. Келер жылдың сәуір айына дейін жалғасатын бұл шараның негізінде басқарма қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау, жылыту жабдықтарын дұрыс қолданудың ережелерін түсіндіреді. Сонымен қатар пешті пайдалануда қаперде ұстайтын ережелерді ескертеді. Арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылады.

Қала аумағында ғымдағы жылдың қазан айындағы жағдай бойынша 1960  жеке тұрғын үй секторлары араланып, (оның ішінде 775 көп қабатты тұрғын үй) 8465 адам қамтылды. және 2000 дана арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылды.

Тұрғын үйлерді аралауға Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен қатар, №1 МӨСБ қызметкерлері, «Газ инспекциясы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің мамандары да бар.

Айта кетейік Түркістан қаласында 40 мыңнан аса абонент бар.