ҚАНСОНАРДА ШЫҒАДЫ САЯТШЫ АҢҒА

172
0

Сапарымыздың келесі бағытында Жомарт есімді бүркітшімен жолығудың сәті түсті. Біз табан тіреген ауыл Кеңесарық еді. Осы ауылдың азаматы екен. Облыстық, республикалық сайыстарда облыс намысын қорғап, жүлдегер атанған жанның айтары бар екен. «Даланың таза ауасында аңға шығу денсаулыққа өте шипалы, әрі қызықты демалыстың бір түрі. Құс салу, ит жүгірту, атбегілік сияқты өнерлеріміз кім-кімнің болса да делебесін қоздыратын әрі спорт, әрі өнер, әрі хобби. Шетелден келген туристерді басқамен емес, ұлттық құндылығымызбен таңғалдыра аламыз. Қара жаяу әлемді атқа мінгізіп
үйреткен түркі халықтары, ежелгі Сақ пен Ғұндар ғой. Бұл сала аса көп шығынды талап етпейді. Мұны шындап қолға алсақ кәне, – деп Жәкең ой қосты туризм туралы әңгімеде.
Таудағы керемет күн міне осындай болды. Демалып, жанымыз жайланып қалды. Төлеби ауданына жолыңыз түссе, аталған жерлерге міндетті түрде келіңіз. Мұнда көретін қызық көп.

С.ТАСТАНБЕК

%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

013-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c