ӘКІМДІК ЖИЫНЫНАН

142
0

Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен кезекті әкімдік отырысы өтті. Жиында ауданның 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымына дайындығы (Ж.Жолдасбеков — аудандық ТҮКЖ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы) және 2018 жылғы аудан аумағында орман-тоғай мен дала өртінің алдын алу жұмыстары туралы (Қ.Тұрғынбаев — аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы) баяндамалар тыңдалды.
Аудан басшысы есептерді тыңдап шығып, нақты тапсырмалар берді:
Біріншіден, барлық қала, ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме және кәсіпорын басшылары нысандарды ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін қысқа қажетті отын мөлшерімен толыққанды қамту. Екіншіден, Леңгір қаласының әкімі Б.Әділбеков пен Жолдасбековке қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердегі жылу қазандықтарын дайындау, қосу жұмыстарын аяқтау.
Сондай-ақ, аудандық төтенше жағдайлардың алдын-алу бөлімі мен барлық қала, ауылдық округ әкімдеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

61