«ТАЗА ТАБИҒАТ – ХАЛЫҚ БАЙЛЫҒЫ!»

216
0

Мұсылман баласы салауатты өмір салтын сақтап, әлеуетті өмір сүрудің бір негізі – қоршаған ортаға көңіл бөліп, бай табиғатымызды қорғай білу, адамдар жүретін жолдың үстіне, тынығатын көлеңкелерде, әсіресе жемісті ағаштардың маңайларын, қоғамдық орындарды ерекше таза ұстауға шақырды.
Тұрғылықты жеріміздің, қоршаған ортамыздың тазалығын сақтау мақсатында Конституция күні қарсаңында Зертас ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, ауылдық окургтегі мекемелердің және ауыл тұрғындарының атсалысуымен айлап өтіп жатқан сенбілік өз жалғасын табуда!
Қоғамдық орындардағы қоқыстарды, сындырылған ағаштарды, босаған бөтелкелерді, лақтырылған қораптардан тазартып, Еламан – Сауран және Спатай – Андас көшелерінің қиылысын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Ауылдық округтің келбетін түзеп, абаттандыру, тазалау және көгалдандыруды күшейту қолға алынды, күн сайын көшені аралап, кемшіліктерді жою үшін жауапты мамандар бекітіліп, қадағалауын тапсырды.
Арнайы техника көмегімен полигонға үйінділер мен жиылған қоқыстар шығарылып, қызметкерлер бекітілген участок бойынша тұратын тұрғындардың сенбілік өткізу қажеттігі туралы үндеулер іліп, арнайы үйлерге хабарламалар таратылды.
Тазалықты әрқайсымыз өз жеке басымыздан бастап, айналамыздың да, барша жүрген жерлеріміздің де таза болуына жіті көңіл бөлейік
62