ЖАСТАР ШЫҚТЫ ЖАРЫСҚА

183
0

11
Жетісай ауданында жастар мен жасөспірімдер арасында спорттың футбол, волейбол, үстел теннисі түрлерінен «Студенттер және мектеп лигасының» салтанатты ашылуы өтті. Жиынға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Мұхтар Бейсенбаев, Жетісай орталық стадионының директоры Бақыт Жаңбырбаев және спорт мектептерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шарада сөз алған аудан әкімі жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, Елбасы Жолдауында айтылған маңызды міндеттерді бірге еңсеруге шақырды.
«Жаңа ғана Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Өйткені жастардың біздің – болашағымыз. Сондықтан Жетісай аудан әкімдігі жастардың барлық санатын қолдауды жалғастыра береді. Бұл Елбасының Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау тапсырмасының аясында жүзеге асатын болады», — деді Жамантай Қанайұлы.
Бұқаралық спортты қолдап, салауатты өмір салтын ұстану өз кезегінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, оқудан тыс бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға септігін тигізбек. Бүгінгі жарысқа 300-ге жуық студент пен 3000-ға жуық оқушы қатысып, бақ сынап көрмек. Жарыстың ақтық кезеңі 2019 жылдың мамыр айында қорытындыланбақ.
(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков