СЫРТҚЫ ЖАРНАМА ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ БЮДЖЕТІНЕ 86 МИЛЛИОН ПАЙДА КЕЛТІРГЕН

Көрнекі жарнамалар бойынша Шымкенттегі Әл-Фараби ауданының бюджетіне 86 миллион теңге пайда келген.
Бұл туралы аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов халық алдындағы есептік жиынында мәлімдеді.

Оған қала əкімінің орынбасары Данат Жумин, қалалық мəслихаттың депутаттары, халыққа коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің өкілдері, білім беру жəне денсаулық сақтау салаларының жетекшілері, ішкі істер басқармасының қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен аудан тұрғындары қатысты.
2018 жылы аудан әкімдігі аппаратына 3015 хат келіп, олардың барлығы заң аясында қаралған. Өз баяндамасында осы және өзге де деректерді келтірген Ғ. Мәуленқұлов аудан тұрғындарының ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен қамтылу көрсеткіші 99,7%-ды құрайтынын, бұл жақсы көрсеткіш екенін алға тартты.
Сондай-ақ ол, қала территориясына Сайрам ауданынан енген «Бадам» тұрғын алабы мен «Сəуле» шағынауданындағы жаңақұрылыс аумағын инфрақұрылымдық жүйемен қамту 2019-2020 жылдарға жоспарланып отырғанын жеткізді.

uakit.kz