ШЫМКЕНТ 2018 ЖЫЛЫ БЮДЖЕТКЕ 168,7 МЛРД. ТЕҢГЕ КІРІС ТҮСІРГЕН

196
0

2018 жылдың қорытындысы бойынша Шымкентте мемлекеттік бюджетке түскен қаржы көлемі 168 млрд 611,7 млн теңгені құрап, жоспар 106,9 пайызға орындалған, деп хабарлайды uakit.kz.

Бұл туралы қалалық қаржы басқармасының басшысы К.Жанбосынов Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының мәжілісінде өткен жиында өзінің қала бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасында мәлімдеді. Бұдан бөлек ол, 2018 жылы республикалық бюджетке 96 млрд 450 млн теңге түсіп, жоспар 107,6 пайызға орындалғанын, ал қала бюджетінің кіріс бөлігі 106,1 пайызға орындалып, нақты түсім 72 млрд 161,7 млн теңгені құрағанын немесе 4 млрд 153,5 млн теңге бюджетке артық түскенін мәлімдеді.
Сонымен қатар ол, былтыр үшінші мегаполисте шығыс бюджетінің игерілу көрсеткіші 99,9 пайыз болғанын айтып өтті.
Жиынды түйіндеген қала әкімі Ғ.Әбдірахымов сала жетекшілеріне алдағы уақытта қазынадан бөлінген мемлекет қаржысының межелі жерге жетіп, нәтижелі орындалуын жіті назарда ұстауды тапсырды.

дереккөз Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтынан алынған