САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН 40 МЫҢ ТҰРҒЫН ҚАМТЫЛАДЫ

187
0

Шымкенттегі 35 елді мекенде электр сапасы сын көтермейді. Бұл күн тәртібіне шыққан мәселе екені белгілі. Осы мәселені реттеу үшін қазіргі таңда  қалада 3 подстанцияның құрылысы мен 13 елдімекенде электр желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы биыл осы бағыттағы жобалардың орындалуының нәтижесінде 40 мыңға жуық қала тұрғындары сапалы электр жарығымен қамтылатын болады.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, Шымкентте Түркістан облысынан қала аумағына қосылған 41 елдімекен бар. Ол елді мекендердің басым көпшілігінде әлі күнге дейін ауыз су, жарық, көгілдір отын мен қатынас үшін көше жолдары басты мәселеге айналып отыр. Қала әкімі Ерлан Айтаханов үшінші мегаполистің басшысы болып тағайындалғаннан  алғашқы күннен бастап тиісті мамандарға  сол  елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шара жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.

uakit.kz