ЕСКІРГЕН 178 АЯЛДАМА ЖАҢАРТЫЛДЫ
Шымкентте жолаушылар көлігін дамытудың кешенді жоспарына сәйкес қоғамдық көліктердің қозғалысын қала тұрғындарының жүріп-тұруына оңтайландыру мақсатында жаңа аялдамалар орнатылуда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Биыл Шымкенттегі ескі аялдамалардың 178-і жаңартылды. Оның ішінде Төлеметов, Ізгілік, Патеев, Желтоқсан, Исмайлов, Жібек жолы сияқты бірнеше көшелер мен Тәуке хан, Республика, Бәйдібек би даңғылдары бойындағы аялдамалар бар. Барлығы жаңа типте салынған.
Жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылған аялдамалар шыныдан жасалған. Қоғамдық көлікпен жүретін көпшілік үшін барлық жағдай оңтайландырылған.
Ал, қолданысқа жарамды ескі аялдамалар қалаға іргелес жатқан елдімекендерге атап айтқанда, Жыланбұзған, Маятас пен Қарабастау тұрғын алаптарына орнатылуда.
Сала мамандары аялдамалардың ұзақ сақталып, шаһар көркін кіргізіп тұруы — сапасына ғана емес, қала тұрғындарының істелінген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, орындықтарды сындырмай, тұрған орнын бүлдірмей таза ұстауына да байланысты екенін айтады.
Қазіргі таңда Шымкентте 1 886 аялдама орны бар болса, оның 1336-сы аялдама павильоны, қалғанына арнайы белгілер орнатылған.
Айта кетейік, жаңа типтегі шыны барлық аялдамалар жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады. Кешенді схеманы әзірлеудегі мақсат, елді мекендерді қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қозғалысын қала тұрғындарының жүріп-тұруына оңтайландыру. Сала мамандарының айтуынша, аялдамалардың ұзақ сақталып қаламызды көркейтіп тұруы тек сапасына ғана емес, қала тұрғындарының жауапкершілікпен қарауына да байланысты.
Ал, қолданысқа жарамды ескі аялдамалар қала аумағына қосылған елдімекендер аумағына орналастырылуда. Атап айтқанда, Жыланбұзған, Маятас, Қарабастау тұрғын алаптарының аялдама орны белгіленген жерлеріне орнатылуда.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1336 аялдама павильоны бар, қалғаны аялдама белгілері орнатылған.