ҚАРАҒАНДЫДА ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР ҚАЗАҚЫЛАНДЫ?
Қарағандыда он көшенің атауы өзгертілді. Жергілікті билік мұндай шешімді шығармас бүрын қоғамдық тыңдау өткізген. Оған мыңнан астам адам қатысқан. Нәтижесінде Приканальная көшесі «Сарыарқа», Қ. Аманжолов көшесі «Балқантау», Кувская көшесі Қазыбек Нұржанов болып ауысты.
Ал бұрынғы Нұржанов көшесінің атауы «Мерей» болып өзгертілді. Сонымен қатар Защитная көшесіне Григорий Потанин, Зональная көшесіне Александр Затаевичтің есімі берілді. Енді қаладағы Кривогуза көшесі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Қасым Аманжоловтың атымен аталады. Ал Волочаевская көшесі Ұлы Отан соғысының ардагері Қамали Дүйсембековтың атына ауыстырылды. Ленин көшесінің атын қазақтың көрнекті тұлғасы, еңселі есім Абай Құнанбаев алмастырса, Олимпийская көшесі еңбек ардагері, қаланың құрметті азаматы Нарманбет Төлепов болып өзгерді.
uakit.kz