ҚАР ҚҰРСАУЫНА ТҮСПЕС ҮШІН…

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қалааралық бағытта жүретін жүргізушілер назарына қатты жауын-шашын немесе екпіні күшті жел соғатыны туралы дауылды ескерту  жарияланған кезде таулы аймаққа баруды кейінге қалдыруды ұсынады,-деп хабарлайды uakit.kz.

Дегенмен де тауда болсаңыз  мұқият болып, ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз. Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн. Бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қаупі мүмкін екенін білдіреді. Кері бағытты таба алмай қалмас үшін үйге жарық барда қайтыңыз. Таулы аймаққа барған кезде өзіңізбен бірге жылы киімдер, күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуын басшылыққа алыңыз.  Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз. Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды екенін қаперден шығармаңыз.