БЫЛТЫР ЕЛІМІЗДЕ 870 МЫҢНАН АСТАМ ЖЕҢІЛ АВТОМОБИЛЬ ТІРКЕЛГЕН
Тіркелген жеңіл көліктердің 84,4 пайызы бензинмен жүреді.
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында елімізде 871078 жеңіл автомобиль тіркелген, деп хабарлайды uakit.kz ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің дерегіне сілтеме жасап.
Былтыр тіркелген автомобильдер саны 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,3%-ға ұлғайған.
Тіркелген көліктердің 84,4 пайызы бензинмен жүреді.
Комитет дерегіне сүйенсек былтыр қаңтар-желтоқсанда 24585 адам зардап шеккен 16614 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда апаттылық 5%-ға ұлғайған.
uakit.kz
Сурет: ашық дереккөз