ИМБИРЬ ПЕН САРЫМСАҚ COVID-19-ды ЕМДЕМЕЙДІ

245
0

Коронавирус індеті дендеген шақта ел арасында «сарымсақ пен имбирьді тұтынса коронавирус сізді айналып өтеті» деген сөздер тез тарады. Бұған дейін де бұл өнімдердің  ағзаға пайдасы туралы түрлі мысалдардан хабардар болған қарапайым халыққа оған қатты сенді. Бірақ сол сенімді саудагерлер өз пайдасына асырып, оның бағасын өсіріп жатқаны да жасырын емес. Тіпті күн сайын аспандап барады десек те болады. Тиісінше алушылар да азайып жатқан жоқ. Бірақ бәрі бекер.

Себебі, картоп, сәбіз, қырыққабат құрамындағы дәрумендер мен минералдар имбирь, лимон, сарымсақтың құрамындағы заттардан да  көп. 

Жуырда республикалық «Айқын» газетіне берген сұхбатында медицина ғылымдарының кандидаты Дәуренбек Нысанов  осылай мәлімдеме жасайды.  Білікті маман басылымға берген сұхбатында бағасы шарықтап бара жатқан сол имбирь, лимон, сарымсақтың коронавирусты емдейді дегені бос сөз екенін алға тарта отырып, олардың жай ғана құрамында ағзаға қажетті заттар бар өнім екенін ескерте кетеді. Және олардың құрамындағы минералдар мен дәрумендер сәбіз, жаңғақ, аскөк, пияз, алма, өрік, құрма, шабдалы, сынды көкөністер мен жемістердің барлығында да бар екенін тілге тиек етеді. 

Кандидат маман коронавирусты алдын алу үшін денсаулыққа ең қажет тағам қой еті мен оның сорпасы екенін айтып, «Сорпа ішкен адамның иммунитеті көтеріледі. Сол сияқты бидай, арпа, жүгерi, тарының талқанында ақуыз, көмiрсутек, майлар, витаминдер, макро, микроэлементтер өте көп. Иммунитеттi көтеруге азық-түлiктiң (ет, сүт, талқан, ботқа), жемiс-жидектер, көкөнiстердiң кез келген түрi көмектеседi»,-дейді. Сөз соңында ол халыққа имбирь, лимон, сарымсақты «коронавирусты жолатпайды» деп қымбат бағада сататын  алаяқтарға алданбаңыздар деп кеңес береді.

«Уақыт» газеті.