ШЫМКЕНТТЕ КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«AMANAT» партиясының басты бағыттарының бірі – халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, нақты көмек көрсету. Осы мақсатта Шымкент қалалық филиалы «Құқықтық көмек» жобасы аясында көшпелі қабылдау өткізді. Мұндай шаралар азаматтардың мәселелерін жергілікті жерде шешуге мүмкіндік беріп, билік пен халық арасындағы сенімді нығайтады.

Көшпелі қабылдауға «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанттары Сағындық Жылқыбаев пен Әсел Қожахметова, сондай-ақ қала және аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен кәсіби заңгерлер қатысты. Бұл – партияның тұрғындарға құқықтық тұрғыдан кеңес беру және олардың өтініштерін жедел қарау мақсатындағы жүйелі жұмысының айқын көрінісі. Қабылдау кезінде азаматтар негізінен инфрақұрылымға қатысты мәселелерді көтерді. Әсіресе, жолдардың сапасы, жарықтандырудың жеткіліксіздігі, ауыз судың қолжетімділігі және балалар ойын алаңшаларының тапшылығы жиі айтылды. Бұл сұрақтардың барлығы қала тұрғындарының күнделікті өмір сапасына тікелей әсер ететін өзекті мәселелер екені белгілі. Тұрғындармен ашық диалог форматында өткен кездесуде әрбір өтініш пен ұсыныс мұқият тыңдалып, арнайы хаттамаға енгізілді. Партия өкілдері барлық айтылған мәселелерді тиісті мемлекеттік органдарға жолдап, олардың орындалу барысын бақылауға алатынын жеткізді. Бұл тәсіл тұрғындардың өтініштерінің назардан тыс қалмауына және нақты шешім қабылдануына мүмкіндік береді. «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы – қоғамдағы әлеуметтік әділдік пен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама. Жоба аясында өткізілетін әрбір қабылдау – қарапайым халықтың өз мәселесін билік өкілдеріне тікелей жеткізуге жол ашатын тиімді алаң. Мұндай шаралар партияның халықпен байланысын күшейтіп қана қоймай, мемлекеттік органдардың да жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Партияның Шымкент қалалық филиалы алдағы уақытта да осындай қабылдауларды тұрақты түрде ұйымдастырып, тұрғындардың көкейіндегі мәселелердің шешімін табуға дәнекер болмақ. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іс жүзінде жүзеге асырудың нақты көрінісі. Азаматтардың әрбір өтініші мен ұсынысы қоғамдағы өзекті проблемаларды анықтауға, сонымен қатар оларды жүйелі түрде шешудің тиімді жолдарын іздеуге көмектеседі. «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Құқықтық көмек» жобасы ел азаматтарының құқықтарын қорғауға және әлеуметтік әділдікті орнатуға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық қадам болып саналады.