ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ-ӨТКІЗУ ПУНКТТЕРІ АЛЫНДЫ

358
0

Ағымдағы жылдың1-маусымына қараған түні республика бойынша өңірлер арасындағы блок-бекеттер алынып тасталды. Осыған орай ел тұрғындары автокөлікпен республиканың басқа облыстарына бара алады. Ал қалааралық автобустар 5-маусымнан бастап іске қосылады.

Бұл туралы uakit.kz СпутникҚазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бірақ өңірлер арасындағы  барыс-келіске бөгет болмағанмен азаматтардың санитарлық нормаларды сақтауы талап етіліп отыр.

Тосқауыл бекеттерінің алынуы туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Ел ішінде қоныс аударуға тыйымның алынып тасталуы тұтастай алғанда, ел бойынша ауру деңгейінің аймақтар арасында теңескенін білдіреді. Енді азаматтарды қоныс аударудан қорғаудың қажеті жоқ», — деп түсініктеме береді.

Бірақ аймақ әкімдіктерінің шешімімен коронавирус инфекциясының ошақтары бар жерлерде жергілікті блок-бекеттер болуы мүмкін.

Жалпы, Қазақстанда 610 автобуспен 88 тасымалдаушы жұмыс істейтін 313 қалааралық бағдар бар.

Естеріңізге сала ктесек, коронавирустың таралуын шектеу бағытында қойылған блок-бекеттер арқылы республиканың өңірлері бір-бірінен екі бойы оқшауланып тұрды. Шымкент қаласы бойынша 18 блок-бекеті жұмыс істеді.

uakit.kz