ҚЫЛМЫСКЕР 15 ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚОЛҒА ТҮСТІ

360
0

Түркістан облысының тәртіп сақшылары кісіге пышақ сұққан қылмыскерді 15 жылдан соң тапқан, деп хабарлайды uakit.kz.

Қылмыс 2005 жылы болған. Кентау қаласының ПБ-не ауруханадан пышақ жарақатымен жас жігіттің жеткізілгені жөнінде хабарлама келіп түскен. Тексеру барысында, жәбірленуші Кентау қаласындағы кафелердің бірінде болып, сол жерде жарақат алғаны анықталды. Осы жайт бойынша 2005 жылы ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыскерге іздеу жарияланды. Ол сол аралықтарда бой тасалап, қашып жүрген. Осы жылдар бойы полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын тоқтатпады, таныстар шеңберін және жасырынған қылмыскердің тұратын мекенжайын анықтады. 15 жылдан кейін полиция қызметкерлері іздестіріліп жатқан ер адамның ізіне шығып, оны Түркістан облысының бір елді мекенінен ұстады.

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Сахов «Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды іздестіру бір күнге де тоқтатылмайды және ерекше бақылауда тұрды. Оның үстіне, ол жеке адамға қарсы жасалса»,- дейді.

uakit.kz