Домалақ-ана – махаббат шуағын шашқан әйел. Қазақ халқының абыз анасы ұрпақтардың мәңгілік жадында

Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында Қазақстанның ең көне сәулет ескерткіштерінің бірі — Домалақ-ана кесенесі орналасқан. Тарихшылар кесенені XV ғасырға жатқызады. Ол халық арасында Домалақ-ана деген атпен жақсы таныс Нұрилә Әли Сыланқызының бейітінің басына тұрғызылған. Бұл Жетісуды басқарған батыр Бәйдібек Қарашаұлының үшінші әйелі болған. Домалақ ана өзінің ақылдылығымен, асқан даналығымен, көріпкелдігімен бүгінгі ұрпақтың мәңгілік жадында қалды. Жылнамаларда сақталған деректерге қарағанда Домалақ-ананың өмірі мен іс-әрекеттеріне байланысты фантастикадан гөрі шындыққа жанасатын көптеген қызықты аңыздар бар.
Домалақ ана – қазақтың аты аңызға айналған аналарының бірі. Оның жолдасы Бәйдібек Қарашаұлы сол заманда Жетісуды мекендеген тайпаларды басқарған. Ол туған еліне шарапаты тиген Албан, Суан және Дулат есімді үш ұлды дүниеге әкелді.
Ол өте қарапайым әйел, балаларының сүйікті анасы еді. Өзінің махаббаты мен сүйіспеншілігін тек жақындарына ғана емес, айналасындағы барлық балаларға арнады. Ол болашаққа болжам жасай білетін ерекше қасиетке иесі. Жаратылысынан бойы кішкентай болғандықтан, оны халық «Домалақ ана», «Домалақ әне» деп атап кеткен деген аңыз бар. Ал тағы бір нұсқа бойынша, Домалақ ана есімі парсы тілінен «Дихнат-мама», яғни «Әулие Ана» деген мағынаны білдіреді. Тарихшылардың айтуынша, саманидтік «Дихнат» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгеріске ұшырап қазақтың «Домалақ» сөзіне айналған екен.
Домалақ ана өзінің ақыл-парасаты, даналығы, жан тазалығы мен асқан мейірімділігінің арқасында иісі қазаққа кеңінен танылды. Ол ел арасындағы даулы мәселелерге араласып, бітімгершілікпен шешімін табуға өз үлесін қосып, адамдарды береке-бірлікте өмір сүруге шақырған.
Сондай-ақ, Домалақ-ана Жетісу, Қызылорда, Шымкент және Ташкенттегі ұлан-ғайыр далада ғұмыр кешкен барлық тұрғылықты халықтың отанасы саналды. Оның ұлы Жарықшақ Ташкенттегі Әмірдің кеңесшісі кейінірек Жетісудың билеушісі атанды. Содан кейін, Есенбұға ханның бас уәзірі болды.
Домалақ ананың отағасы Бәйдібек Қарашұлына айтқан даналығы туралы мынадай аңыз бар. Бірде Қаратау жотасының етегінде орналасқан Бәйдібек кентіне аяқастынан жау шабуыл жасап, мыңдаған жылқысын айдап әкетеді. Бұл уақытта Бәйдібек пен басқа да жігіттері ауылдан жырақта еді. Шабуылды естіген Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары-бәйбішеден туылған алты ұлын алып жауға аттанады.
Ұрланған мыңдаған жылқының ішінен жүген-құйрық тимеген бір асау жылқы ауылға оралады. Сонда Бәйдібекке «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі ауылға қайтып келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз» — дейді.
Бірақ, батыр әйелінің сөзіне құлақ аспай жолға шығады. Күйік асуында жауды қуып жетіп, ұрысқа түседі. Алайда, мықты қаруланған жау Бәйдібектің кішкентай ғана жасағын ойсырата жеңеді. Осы шайқаста оның алты ұлы да жау қолынан қаза табады. Оларды Үшқарасай жазығында жерлеп, қайғыдан қан жұтып үйіне қайтады.
Алты күннен соң, Домалақ-ана айтқандай бір үйір жылқы үйге оралады.
Домалақ Ана өзен маңындағы әдемі жазықта жерленген. Аңыз бойынша, осы қасиетті әйел өмірден өткенде, ұлы Дулаттың тапсырмасы бойынша шақырылған шебер Абдулла Шерінің қолынан төрт қабатты күмбез кесене салынған. Бұл кесенедегі екі киелі тастың ортасынан тек адал адам ғана өтеді екен. 1996 жылы сәулетші С.Тоқтамыс тарапынан жүргізілген қалпына келтіру жұмыстарынан кейін, Домалақ Ана кесенесі заманауи үлгіде бой көтерді. Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен тұрғызылған. Бүгінде мазар Түркістан облысының ең маңызды көрнекті орындарының тізіміне енгізілген. Мұнда қазақ халқының абыз анасына табынуға мыңдаған қажылар ат басын бұрады.

%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

06

ПІКІР ЖАЗУ