«Соңғы қоңыраудан» соңғы өкініш

388
0

Мектептердегі «Соңғы қоңырау» салтанатының соңы қайғымен аяқталып жатса да, облыстық білім басқармасы неге шарасыздық танытып отырғандарына таңымыз бар? Мамырдың 25-і күні ішкі істер органдарының қызметкерлері мен жол полициясы көше-көшеде шерулетіп жүрген түлектермен алысып жатқанда, басқарма бастығы мен аудан, қалалардағы бөлім басшылары, сынып жетекшілері, мектеп директорлары салтанатты жиынның әсерінен арыла алмай, әлі де сауық-сайранның соңында жүрген болар!

Бұлай деуімізге негіз болар көріністер көз алдымызда болып жатты. Қаланың қақ ортасынан бөлек, демалыс аймақтарында, кафе-мейрамханаларда түлектер автокөліктермен шерулетіп жүрді. Қайғылы оқиғалар да орын алды. Мақтааралдық 4 бірдей мектеп түлегі жол-көлік апатына ұрынып, жүргізушісімен қоса түгел мерт болды. Мұны естіген мектеп директоры бірден өтініш жазып, әрмен қарай жұмыс істеуге моральдік құқы жоқ екенін айтыпты. Азамат екен. Дәл осы күні болашаққа енді қадам басқалы тұрған төрт бірдей түлектің мерт болуы облыстық білім басқармасының бастығы А.Елшиеваны да ойландырып, мектеп директорының әрекетін қайталауға жүрегі дауалай қояр ме екен?

Қыдыр ҚАЛИЕВ.