ПӘТЕР ТҰРҒЫНДАРЫНА УЛЫ ГАЗДЫҢ ҚАУПІ ТҮСІНДІРІЛДІ

167
0

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы көпқабатты пәтер тұрғындарына жылыту маусымы кезінде газдан улану мен өрт қауіпсіздігін сақтау жұмыстарын жүргізуде,-деп хабарлайды uakit.kz.
Түсіндіру жұмыстарына басқарма инспекторларымен қатар «Газ инспекциясы» қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен еріктілер қатысты.
Түсіндіру жұмысы кезінде көпқабатты үйдегі пәтер тұрғындарына улы газдың қаупі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін сақтаудың ережелері айтылды.
Төтеншеліктер тұрғын үйлердегі пәтерлерде өрттің шығуына тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдаланбау, мас күйінде темекі тарту, электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбеу себеп болып жататынын алға тартады.
Қайғылы жағдайды алдын алу үшін келесідей қауіпсіздік ережелері жазылған жадынама парақшалары таратылды.
– Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмау, және оған балаларды жақындатпау;
– Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбау;
– Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеу;
– Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбау;
– Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау;
– Бөлмені жылытуға бейберекет қолдан жасалған электр-жылытқыш құралдарын қолданбау;
– Балалардың отпен ойнауына жол бермеу және оларды қараусыз қалдырмау;
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау — Сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайды!
Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы өрт қызметін (101 телефон нөмірі) немесе шұғыл көмекке (112 нөмірі) хабарласыңыз.