«ҚАЙНАР БҰЛАҚҚА» ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚАТЫНАЙДЫ

140
0

Шымкентте салмағы ауыр мәселелердің бірі орталықтан шалғай жатқан тұрғын алаптарын қоғамдық көлікпен қамту болып табылады. Осы бағытта проблемаларды рет-ретімен шешу мақсатында 1-ақпаннан бастап жаңа әлеуметтік маңызы бар №55 және №149 автобус бағыттарының жолаушыларға қызмет көрсетуі жолға қойылды.

Бұл туралы uakit.kz Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
№55 автобус бағыты Ынтымақ шағын ауданы арқылы, №149 автобус бағыты қаланың орталығымен Қайнар бұлақ шағын ауданына қатынауда.
Қала билігі сиымдылығы үлкен мұндай автобус бағыттарын алдағы уақытта Текесу, Айнатас, Жыланбұзған, Елтай, Жаңаталап, Көкбұлақ шағынаудандарына қарай ашуды жоспарлап отыр.
Шымкент қаласының жер көлемі соңғы бес жылда үш есеге ұлғайып, қала аумағына жаңа 40 елдімекен қосылғанн айта кетейік.

uakit.kz