ЕЛІМІЗДЕ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТЕТІН ОН БЕСІНШІ ОРТАЛЫҚ ТҮРКІСТАНДА АШЫЛДЫ

ЕЛІМІЗДЕ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТЕТІН ОН БЕСІНШІ ОРТАЛЫҚ ТҮРКІСТАНДА АШЫЛДЫ

Осы аптада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Түркістан қаласында миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын (МХҚО) салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді еңбек мигранттары мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының стандартына сай «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады. Бұл еліміздегі көші-қон қызметтерін көрсететін он бесінші орталық.

Жаңа орталықтың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жеңісбеков, Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков қатысты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов орталықтың ашылуымен құттықтап, жиналғандарға оның  мақсатын  кең көлемді түсіндіріп өтті.

«Бұрын шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат алу үшін, бірнеше күн түрлі мекемені аралауға мәжбүр еді. Енді олар ЖСН алу, салық төлеу, медициналық тексерістен, дактилоскопиядан өту, сақтандыру анықтамасына қол жеткізу секілді құжаттарды бір жерде, бір сағаттың ішінде рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды. Мемлекеттік қызметтер белгіленген уақыт регламентіне сай электрондық кезек арқылы арнайы жабдықталған жұмыс орындарында жүзеге асырылады. Бұл мигранттар үшін ғана емес, жұмыс беруші үшін де өте қолайлы. Жаңа МХҚО жұмыс барысын жеңілдетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын-алуға жол ашады», – деді Біржан Жүнісов.

 

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ