Данат ЖУМИН, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «ТАКСИ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНҒАН ТУРИСТІҢ БҮКІЛ ҚАЛА ТУРАЛЫ ӨЗ ПІКІРІ ҚАЛЫПТАСУЫ МҮМКІН»

162
0

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин енді такси жүргізушілерінің қызметіне мән бермек. Бұл туралы ол өзінің инста-парақшасында мәлім еткен. Өз мәлімдемесінде Д. Жумин:
– Театр киім ілгіштен, ал туризм қызмет көрсету сапасынан басталады. Қала қонақтары әуежайдан немесе теміржол вокзалынан шыққанда алғаш кімдер кездеседі? Әрине, такси жүргізушілері. Такси қызметін пайдаланған туристің бүкіл қала туралы өз пікірі қалыптасуы мүмкін. Бұл салада бізде көп мәселелер бар екенін анықтадық, -дей келе, осы мәселені шешу үшін такси компанияларының басшыларымен жиын өткізгенін, біраз өзгерістер енгізуге келісіп, алдағы уақытта бұл бағытта әрі қарай жұмыс жасайтын болатынын айтқан.
Қала әкімі орынбасарының бұл мәлімдемесіне zhaneka333 есімді желі қолданушысы «Такси көліктерінен бұрын, әуежай мен вокзал ішіндегі әжетxаналардың жағдайы мүшкіл, сырттан келген қонақ мемлекет жағдайын «ескіріп, ластанған туалеттен ақ» байқайды» деген пікір қалдырған. abdibekova_roza_ есімді желіқолданушысы «Таксисттер Гид секілді қаланы таныстырып жететін жеріне апарып салса дұрыс болады» деп жазған.
uakit.kz