Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі: «АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАТАҚХАНА ӘЗІРЛЕНІП ЖАТЫР»

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі: «АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАТАҚХАНА ӘЗІРЛЕНІП ЖАТЫР»

Арыс қаласындағы оқыс жағдайға байланысты Шымкент қаласының әкімдігі тиісті көмектерді жасауға әзір.
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді.

Өз жазбасында ол Арыста орын алған жағдай бойынша тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін Шымкенттен жедел жәрдем көліктері мен автобустар жөнелтілгенін жазған. Сондай-ақ ол, қалада тұрғындарды қабылдап, жайғастыратын жатақхана әзірленіп жатқанын, барлық қызметтер өз істеріне кірісуге дайын екенін, тіпті қажет болса көмек көрсетуге еріктілер тартылатынын, бірақ ол әзірге қажет еместігін мәлімдеген.
uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ