СОЗАҚТЫҚ ОҚУШЫ ШЫМКЕНТКЕ ҚЫДЫРАМЫН ДЕП ЖИНАҒАН АҚШАСЫН АРЫС БАЛАЛАРЫНА ЖОЛДАДЫ

Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Сүгір Әліұлы атындағы  жалпы орта мектептің 5-сынып оқушысы Серікболсын Аманбайұлы жазғы демалыста Шымкентте қыдырамын деп жылдап жинаған ақшасын Арыс қаласындағы балаларға тарту етті. Бұл туралы uakit.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оның бір жыл бойы жинаған ақшасы 54 мың 360 теңгені құраған. Серікболсынның жинаған теңгелері 6,5 келіні құраған. Ол жинаған қаржысын Арыс қаласында жүрген жауапты мамандарға тапсырған. «Ақшаны әу баста қандай мақсат үшін жинадың?» деген сұраққа Серікболсын «Жазда демалыс кезінде Шымкент қаласына қыдырамын деп жинаған болатынмын. Бірақ Арыс қаласындағы жағдайды естіп, өзім сияқты балаларға берген дұрыс деп шештім» деп жауап берген.

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ