ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ 8,1 ПАЙЫЗЫНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМІ ЖОҚ

Елімізде  мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 89 005 адамды құрайды. Олардың  55,7% әйелдер,-деп хабарлайды  uakit.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.  

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, елімізде мемлекеттік қызметші әйелдердің 9 521-і басшылық лауазымына ие. Бұл Қазақстандағы басшылық лауазымның 40 пайызын құрайды.

Өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, шетелдік білімі бар мемлекеттік қызметкерлер саны 2790-ға жетіп,  2018 жылмен салыстырғанда 15%-ға өскен. Жалпы алғанда, барлық мемлекеттік қызметшілердің 91,9 пайызының жоғары білімі бар. Қалған 8,1% орта және ортадан кейінгі кәсіптік білім меңгерген. Оларға аудандық және ауылдық деңгейлерде қызмет атқару ұсынылған.

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ