ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР COVID-19-ды АНЫҚТАЙТЫН ТЕСТ ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕДІ

168
0

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық биотехнология орталығы COVID-19 вирусын анықтауға арналған диагностикалық тест жүйесін әзірледі.Осыған орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  аталған ғылыми институттарға құттықтау хатын жолдап, ғалымдарды қысқа мерзім ішіндегі жетістіктеріне табыс пен алғыс білдірді.

Бұл туралы uakit.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 «Ғылыми институттардың ұжымдарын COVID-19 коронавирусын анықтауға арналған диагностикалық тест жүйесін әзірлеуімен құттықтаймын! Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары халықаралық стандарттарға сай келетін қажетті тест жүйесін қысқа мерзімде жасап шықты. Сіздердің жетістіктеріңіз отандық биомедицина саласының бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін көрсетеді. Әлемге тараған коронавирус індетіне қарсы күрес жүріп жатқан кезде бұл жаңалықтың ұсынылуы өте маңызды болып отыр. Әзірленген тест жүйесі мыңдаған азаматымыздың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі деп сенемін», — деп жазылған Президент жолдаған құттықтау хатта.

uakit.kz