МЫРЗАКЕНТТЕГІ ҚҰРЫЛЫС ҮШІН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЖӘРМЕҢКЕ ЖҮРУДЕ

293
0

Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінің шығыс жақ бөлігінде ықшам аудан бой көтеретіні белгілі. Бұл ретте ондағы құрылысқа жұмысшылардың қажеттігі анық. Ал оларды алыстан алдыртпай-ақ, жергілікті жерден тартудың нәтижесі  зор.

Осы мақсатта Мақтааралда бос жұмыс орындарының жылжымалы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Бүгінде аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары 2 кент және 9 ауылдық округті аралап, тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсынуда. Жылжымалы жәрмеңке барысында азаматтарға  32 мердігер мекемеге қажетті әртүрлі қызмет түрі ұсынылуда. Мамандар еткен еңбек үшін жұмысшыларға төленетін ақының келісім түрінде төленетінін алға тартуда.  Мәселен, қабырға өрудің бір шаршы метрі 7 мың теңге, шатыр жабудың 1 шаршы метріне 1,5- 2 мың теңге арасында ақы беріледі. Ал сейсмобелдеу құюдың бір шаршы метрі 1,5 мың теңгені құрайды.

uakit.kz