ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘР ТАСПЕН ҚАПТАЛУДА


Түркістан қаласындағы құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті тұтастай ашық түсті травертин мен ақ мәрмәр таспен қапталуда.

Бұл туралы uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметін сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың сапасын тексеріп шыққан аймақ басшысы, мердігер компания жауаптыларына жұмыс қарқынын жылдамдатуды жүктеді. Өмірзақ Естайұлы құрылыс басында сақтық шараларын күшейте отырып, тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшуді тапсырды.

 «Жұмыс көлемі өте ауқымды, оны жақсы түсінемін. Бірақ қазір кідіретін кез емес. Терең жауапкершілікті сезіне білу маңызды. Біздің тарыпымыздан қандай да бір көмек керек болса, тікелей айтыңыздар»,-деді өңір басшысы.

 Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 7,9 және 12 қабатты 5600 пәтерден тұратын 89 тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 7 қабатты 24 тұрғын, яғни, 1452 пәтерді пайдалануға тапсыру жоспарланған. Кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға 450 пәтер берілсе, мемлекеттік қызметкерлерге 1000-нан астам кредиттік тұрғын үй тапсырылмақ.
uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ