ШЫМКЕНТ: «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ 10- МАУСЫМДА БАСТАЛАДЫ

396
0


Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы 2020 жылдың 10- маусымында онлайн оқытуды бастайды.


1. Оқуға қатысу үшін азаматтар қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіріп, жолдама алады(жолдама 5 күнге жарамды)⠀
Мекен-жайы: С.Бәйтереков көшесі, 89.⠀⠀
2. Жолдаманы алғаннан кейін үміткер Шымкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына келіп немесе https://atameken.co/ru/course-bastau сілтеме өту арқылы оқуға өтініш бере алады.

Оқуға ресми түрде жұмыс жасайтындар, Шымкент қаласында тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтар, ресми түрде бала күтімінде отырған(декреттегі)жандар, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, ЖК (ИП), ЖШС-ның (ТОО) тіркелгеніне 3 жылдан асқан кәсіпкерлер қатыса алмайды.

Ал 18 жас пен зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар, жұмысқа қабілеті бар мүгедек жандар (арнайы дәрігердің рұқсат қағазымен), аз қамтылған отбасылар (АӘК алатын), көпбалалы отбасылардың мүшелері, қоныс аударушылар және оралмандар оқуға қатыса алады.
Оқу мерзімі 21 күн. Оқуды аяқтаған қатысушыларға 2 жылға жарамды сертификат беріледі.
Сертификат арқылы жеңілдетілген несие алуға, басқа да мемлекеттік гранттардың конкурсына қатысуына болады.
Аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларға(сертификатпен) жеңілдетілген 4% несие алуына да болады.
Қаржының көбісі қаржыландыруға, жеңілдетілген несиеге бағытталған.
Мемлекеттік грантқа жоғарыдағы көрсетілген санаттағы азаматтар оқуын аяқтағаны туралы сертификат арқылы қатыса алады.
ЖК (ИП), ЖШС-ның (ТОО) тіркелгеніне 1 жылдан аспаған кәсіпкерлер қатысады.
Төмендегі әлеуметтік  топтағы азаматтар, атап айтқанда:
-аз қамтылған отбасылар (АӘК алатын)
— көпбалалы отбасылардың мүшелері;
— қоныс аударушылар және оралмандар,
мемлекеттік грант конкурсына оқымай(сертификатсыз)  қатысуға мүмкіндігі бар.
Қосымша сауалдарыңыз болса,» Атамекен» кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады.
Мекен-жайы:
«Сайрам» мөлтек ауданы, Ж.Ерімбетов көшесі 304 г, «Дәстүр» тойханасының жанында орналасқан.
                                                                                                                                                                     Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы.