Жаңа оқу жылында Созақ ауданында үш бірдей білім ошағы пайдалануға берілді

42
0


1 қыркүйек білім күні Созақ ауданында үш бірдей білім ордасы ашылды. Жартытөбе ауылдық округіне қарасты, Аққолтық елді мекеніндегі 200 орындық Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі, Қарақұр ауылдық округі Раң елді мекенінен 150 орындық Б.Батырбекова атындағы орта мектебі және Шолаққорған ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінде 150 орындық А.Иманов атындағы орта мектебі пайдалануға берілді.

Аққолтық елді мекеніндегі 200 орындық Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің ашылуына қатысқан аудан әкімі М.Исаев: «Жаңа оқу жылында 3 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беріп отырмыз. Бүгінде ауданымыздағы 35 білім ошағының 30 типтік білім ошағы. Оқушылардың 97 пайызы типтік мектептерде оқиды. Білім саласындағы ғимараттарды жаңарту алдағы уақыттада жалғаса береді. Мұның бәрі Елбасының салиқалы саясатының арқасында» – деп барша ұстаздар мен оқушылардың білім күнімен құттықтап бірінші сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын салтанатты түрде сыйға табыс етті.Мереке күнімен құттықтаған облыстық жер қатынастар басқармасының басшысы С. Әбдіқұлов заманауи білім ордасының ашылуымен құттықтап, білім ордасы балалар күлкісіне толсын деген тілегін білдірді.

Ш.Уалиханов мектебінің техникалық базасы соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етіліп, зәулім білім ордасында спорт ғимараты, интерактивтік тақта, мультимедия-лингафон кабинеттер орналасқан. Сондай-ақ, дәл осы білім күні Абай елді мекенінде А.Иманов, Раң ата елді мекенінде Б.Батырбекова атындағы жаңа мектептердің ашылу салтанатты өтті. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасарлары Б.Айдарбеков пен Б.Әлмағанбет қатысып ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, мектеп оқушылары мен ұстаздарға игі тілектерін арнады.

Созақ аудан әкімінің баспасөз қызметі.