АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ — ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірімізге арнайы іс-сапармен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін салтанатты түрде тақты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

«Асқар Исабекұлы бұл құрметке әбден лайық азамат. Сіз Оңтүстік Қазақстан облысын алты жарым жылдай абыроймен басқардыңыз. Сол жылдары өңірдің экономикалық – әлеуметтік ахуалы жақсарып, барлық салаларда тындырымды жұмыстар атқарылды. Тәжірибеңіз бен біліміңізді сарқа жұмсаған ерен еңбегіңізді Елбасы ескеріп, жаңа қызметке тағайындады. Мемлекетіміздің дамуы жолында атқарып жатқан жұмыстарыңызға табыс тілеймін!», — деді облыс басшысы.

Өз кезегінде сөз алған Асқар Исабекұлы облыс басшысы Жансейіт Түймебаев бастаған облыс активіне алғысын білдіріп, Елбасы тапсырған тапсырмалардың тыңғылықты орындалуына жұмыла күш салуға шақырды.