ЕҢБЕК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

11
0

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қарттар және еңбек күні мерекесіне арналған іс-шара болып өтті.
Қарттар күні – мейірімді және шуақты мереке. Бұл мейрамның бүгінгі таңда маңызы өте зор, себебі қазіргі заманғы қоғамда орын алып отырған қарттардың көптеген проблемаларына назар аудартуға ықпал етеді. Ел мүддесін бәрінен биік қоя білетін ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бар қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше. Қарттардың бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі боларлық данагөй тұлға, саялы бәйтерек. Қарты бар жұрттың қазынасы бар.
Қазіргі кезде Қарттар күнінің маңыздылығы артқаны байқалады, ол қоғамдық резонанс және атқарылған жұмыстарға қорытынды жасаушы болып келеді. «Балауса» би тобы биімен мерекені ашты. Аудан әкімі Т.Телғараев Халықаралық қарттар және еңбек күні мерекесіне орай ауданымыздың өсіп – өркендеуіне сүбелі үлестерін қосқаны үшін Қазығұрт ауданына 90 жыл мерекелік медалімен және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» бір топ еңбек ардагерлерін марапаттады.

2