БЫЛТЫР 12 ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МЕКЕМЕСІ ШЫМКЕНТ МЕНШІГІНЕ БЕРІЛГЕН

Ағымдағы жылы Түркістан облысындағы мәдени ошақтардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қазынадан 117 млн. 741 мың теңге қаржы қаралды. Оған автокөлік, сахналық киімдер басқа да құрал-жабдықтар сатып алынды.
Бұл туралы uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі таңда аймақта 387 — кiтапхана, 251 — клуб, 24 — музей, 3 — кәсіби театр, 7-саябақ, 2 — орталық, 1 — облыстық филармония, 1- көркемсурет галереясы, 1-«Оңтүстікфильм» мекемесі, 1 — «Түркістан сарайы» концерттік мекемесі барлығы 678 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетеді.
Былтыр Шымкент дербес қала болып, облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты бұған дейін аймақ меншігінде болған 12 облыстық мәдениет және өнер мекемесі атап айтқанда, 5 театр, 3 кітапхана, 2 мәдени орталық, 1 музей, 1 цирк Шымкент қаласына берілген.

uakit.kz