БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ АУА САПАСЫ НАШАРЛАЙДЫ

262
0

Бүгін Шымкент қаласында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратқан мәліметке сілтеме жасап хабарлаған.

Мұндай қолайсыздық Ақтөбе қаласында да байқалады екен. «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  таратқан мәліметке сенсек, Қазақстанның өзге қалаларында ауа сапасы бірқалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығынан болады.

uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз