ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 1 МЛН. МАСКА ТІГІЛДІ

66
0

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ішкі істер министрлігі қызметкерлерін қорғану маскаларымен қамтамасыз етті, деп хабарлайды uakit.kz Хабар24.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ қылмыстық-түзету жүйесі мекемелерінің өндірістік нысандарында 1 млн медициналық маска тігілді. Қорғану құралдары қызметкерлердің пайдалануына берілді және ІІМ жеке құрамының қажеттілігін өтеді.

 Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» қоры коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін 450 млн теңге жұмсады. Қаржы Денсаулық сақтау министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бөлінді. Әр ведомство 150 млн теңгеден алды. Елде төтенше жағдай хабарланғаннан кейін Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша сотталғандар қорғану маскаларын тігуге кірісті.

uakit.kz