ЖӨНІ БӨЛЕК ЖАРЫСТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

382
0

Ағымдағы жылдың 18-25 сәуір аралығында Алматы қаласында Төкен Омаров атындағы республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан мектеп оқушыларының жарысы өтті. Ғарыштық жарыста шымкенттік топ «Үздік команда» марапатын иеленді.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ғылыми жобалар конкурсының мақсаты – ғарыштық бағыттағы факультативтік үйірмелердің жұмыстарын жандандыру, ғарыш және ғарыштық технологиялар туралы білімдерді оқып білу және оны тәжірибеде пайдалану, осы бағытта талантты оқушыларды анықтау, олардың мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ету болып табылады.
Конкурсқа қатысқан оқушылар ғарыштық аппаратта және ракета тасымалдаушылар, ғарыштық биология және медицина, астрономия және астрофизика, экология және космонавтика, электроника және энергетика бағыттарында зерттеу жұмыстарын ұсынды.
Алдымен қалалық іріктеу кезеңі өтіп, онда үздік деп танылғандар республикалық додаға жолдама алған болатын.
Нәтижесінде республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жоба жарысы бойынша 7-10 сынып оқушылары ІІ-дәрежелі дипломдарға ие болса, физика және астономия олимпиадасынан Бас жүлде және І -орындарды иеленді. Оқушылардың жетекші мұғалімдеріне ҚР Білім және ғылым министрінің «Алғыс хаты» табысталады.