БЕРЕШЕК ТОЛЫҚ ТӨЛЕНДІ

431
0

Жыл басынан бері Шымкентте 26 кәсіпорынның 1500-ге жуық жұмыскерге берешек қарызы толық төленді. Бұл бағытта кәсіпорындардың қызметкерлер алдындағы қарызы 122,8 млн теңгені құраған.

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов мәлімдеді.
Өз кезегінде ол жұмысшылардың құқығын қорғауда үлкен маңызға ие ұжымдық шарттар екенін алға тарта отырып, «осы орайда қаладағы ұжымдық шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың (ірі және орта) үлесі 79,1 пайызды құрап отыр. Ал «Халықтық бақылау» жобасына 13 және «Нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамасына 48 кәсіпорын қосылды»,-деді.
Жалпы жыл басынан бері аталған басқармада 2 298 құжат айналымға түсіп, жеке және заңды тұлғалардан 369 өтініш қабылданған. Бұл ретте 59 тексеру жүргізіліп, 64 заң бұзушылық пен 16 кәсіпорында 1 559 жұмыскердің еңбек құқықтарының тәуекелдері анықталған.
Басқарма басшысы Еңбек заңнамасына енгізілген өзгертулер туралы да баяндады.