ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ҚАНАТЫН КЕҢГЕ ЖАЙЫП КЕЛЕДІ

84
0

Шымкент қаласында 101 мыңнан астам белсенді кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39%-ға артты, деп хабарлайды Uakit.kz.
Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2022 жылға 15,7 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 12,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге. Жалпы жыл басынан 11,1 млрд. теңгеге 3 028 жобаға қолдау көрсетілген.

  1. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 9,4 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда, 2 756 жобаға 5,8 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді.
  2. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 3,9 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 81 жобаға 3,5 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді.
  3. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 1,5 млрд. теңге бөлінген. «Атамекен» микроқаржы ұйымы арқылы 1,3 млрд. теңгеге 129 жобаға шағын несиелер берілді. Несиелердің басым бөлігі сауда және қызмет көрсету салаларында.

Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында республикада алғаш рет әкімдік тарапынан «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Өңірлік бағдарламаның негізгі бағыттары мен ерекшеліктері: ШОБ жеңілдетілген несиелендіру және тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру.

  1. ШОБ жеңілдетілген несиелендіру бағыты бойынша жыл басынан 543,1 млн. теңгеге 55 жобаға жеңілдетілген несиелер берілді.

Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1%-бен 10 млн. теңгеге дейін, өндірістік алаңдарының қатысушыларына жылдық 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдікпен несиелер ұсыну

  1. Тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру бағыты бойынша өндірістік паркте, инвестиция көлемі 1 млрд. теңгені құрайтын
    7 жоба іске асырылуда, 120 жұмыс орны құрылған.

Өнеркәсіптік парктерде үш жыл ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын кәспорындардың жалдау ақысының шығындары өтеледі. 1-ші жыл — 75%, 2-ші жыл — 50%, 3-ші жыл — 25%.
Аталған бағыт шеңберінде қаламызда бірнеше жылдар бойы тоқтап тұрған ірі кәсіпорын «Трубмашхолдинг» ЖШС-нің базасында 2022 жылы алғашқы өндірістік парк ретінде «Silkway Alliance» алаңы пилоттық жоба ретінде іске асырылды. Аймақтың алаңы – 4,4 га, өндірістік алаңдарының аумағы – 3,5 мың ш.м. толық инфрақұрылыммен қамтылған.
Бүгінгі таңда, «Silkway Alliance» өндірістік паркі толуына байланысты инфрақұрылымымен толық жабдықталған қосымша екі өндірістік алаңы – «Қайнар май» ЖШС, «Standard» жеке индустриялық аймағы қарастырылуда.