БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ «195», «275» ОРАМДА 9 КӨШЕ АСФАЛЬТТАЛАДЫ

148
0

Әл-Фараби ауданындағы «195», «275» және «276» орамда 850 тұрғын үй орналасқан. Үш орамға электр жарығы мен ауыз су толығымен тартылған. Табиғи газбен қамту көрсеткіші 80 пайыз.

«276-орамды» табиғи газбен қамту үшін құрылысқа 447,3 млн.теңге қаржы қаралған. Қазір мердігерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгінгі қала әкімі М.Әйтеновтің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Елді мекендегі 56 көшенің 13-і асфалттанған. Биыл 4,8 шақырымды құрайтын 9 көшеге асфальт төселеді.
Атап айтқанда, «195-орамдағы» Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы және №1 көшесі. «275-орамда» орналасқан Ақмылтық (Ақмола), Қаржантау, Үшағаш, Баянауыл көшелері. «276 орамдағы» №1,2,3,4 көшелер 2023 жылы асфалттанады.

Сонымен қатар, 16,9 шақырым болған 40 көшеге шағал тас төселеді.
Аталған орамдарға талшықты оптика желісін жеткізу бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілген. Бүгінде «Спецавтоматика-Сервис» ЖШС-і тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Пайдаланауға беру мерзімі маусымның соңына жоспарланған.