«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

136
0

2022 жылдың 2 маусымында «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының Өңірлік конкурстық комиссиясы Шымкент қаласының үздіктерін анықтады.

Аталған конкурста Шымкент қаласынан 12 мемлекеттік қызметші қатысып, өздерінің бағын сынады. «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру»: «Бюрократиядан арылту» тақырыбы бойынша іске асырылған немесе іске асырылатын жобаларын, мемлекеттік қызмет саласын жетілдіретін идеяларының презентацияларын ұсынды.

Қаламыздың түрлі сала бойынша мамандары цифровизация, жер қатынастары, мүгедектерді қорғау, денсаулық салалары және бірқатар маңызды салалар бойынша өздерінің тың идеялары мен жобаларын комиссия мүшелеріне қорғады.

Ұсынылған жобалар бойынша ішінен халықтың жағдайын жақсартуға, мемлекеттік қызметті жетілдіруге ерекшелінген бағыттар бойынша екі жобаны ұсынған өңірлік деңгейде қатысқан кандидаттар анықталды. Атап айтқанда:

1. Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы — Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы – «Мемлекеттік басқару қызметі жетілдіру»: «Бюрократиядан арылту» бойынша проблемалық тұстары мен шешу жолдары айқындалған жобалары.

2. Жалмұрзаева Айнұр Келгенбекқызы – Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы – «Мемлекеттік басқару қызметі жетілдіру»: «Бюрократиядан арылту» бойынша проблемалық тұстары мен шешу жолдары айқындалған жобалары.

Байқауға қатысып, бағын сынап Өңірлік дейгейден жеңімпаз атанған екі үміткеріміз «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсына Шымкент қаласынан Республикалық кезеңіне жолдама алды.