ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ

95
0

Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Смайлов Балтабай Оспанұлы ауданның белсенді жастарымен кездесті. Кездесу барысында Әл-Фараби ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.

Аудан әкімінің орынбасары жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Атап айтқанда:

• Қала бойынша үлкен бір еріктілер ұйымын ашып, барлық еріктілер ұйымы сол ұйыммен бірлесе жұмыс жасау;

• Саябақтарда жастарға арналған мәдени концерттер ұйымдастыру;

• Аудан жастары әр ай сайын қарттар үйінде, балалар үйінде, саябақтарда тазалық жұмыстарын ұйымдастыру;

• Тарихи мұражайларға экскурция жасау.

Балтабай Оспанұлы Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының ғимаратымен жастарды таныстырып, Әл-Фараби ауданының құрылуын және тарихын кеңінен таныстырып өтті.

Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, қаламызды дамуына, көркейуіне жастардың ерекше қолдауы және жауакершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Айта кету керек, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен әкім жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында шаһар басшысының өзі ай сайын жастармен жүздесіп отыратынын айтқан еді. Аталған жоспар бойынша күні бүгінге дейін әр ауданның жастарымен бірнеше кездесу өтті. Онда жастар арасындағы өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешу бойынша ұсыныстар мен пікірлер де айтылды. Ұсыныстар бойынша тиісті тапсырмалар да беріліп, жастар арасындағы өзекті түйткілдер шешімін тауып келе жатыр. 4 ауданның жастары бүгінге 4 блокқа бөлінген. Ал кездесулер жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылуда.