ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

86
0

Шымкент қаласы бүгінде туризм саласын жан-жақты дамыту мақсатында бірқатар шараларды қолға алып отыр, деп хабарлайды Uakit.kz.

Өңірдің туризм саласын дамыту негізінде жауапты басқарма қазіргі кезде 4 негізгі бағытта жұмыс жүргізіп отыр. Олар, туристік инфрақұрылымды дамыту, маркетингтік ілгерілету, креативті индустриясы және де сыртқы байланыстарды нығайту жұмыстары болып табылады.

Жоғарыда аталып өтілген 4 бағыттың бірі —  маркетингтік ілгерілету. Бүгінгі таңда Шымкент Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларымен қатар Қазақстанның МІСЕ туризмінің орталықтарының бірі болуға барлық алғышарттарға ие.

Оған қаланың ыңғайлы географиялық орналасуы, әртүрлі бағыттағы іс-шараларды өткізуге қолайлы инфрақұрылымы, ивент және жарнамалық агенттіктердің болуы жағымды әсер етеді.

Осы бағыт бойынша Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы қала туризмін дамытудағы басты бағыттардың бірі ретінде – оқиғалы туризмді дамытуды қолға алып отыр.

Мәселен, егер бірінші жартыжылдықта «Наурыз» және «Қала күні» сияқты мерекелер аясында «Дәмдәстүр», «Балмұздақ фест» гастрономиялық фестивальдерінен тұратын оқиғалар қатарын қалыптастыруға баса назар аударылса, ал күзде талантты жастар мен туристік бизнесті қолдау үшін имидждік іс-шаралар құруда үлкен жоспар құрып отыр. Осы кезеңде «Мобилография» фестивалін, «Shymkent Tourism Awards» конкурсын, цитадельде лазерлік шоу, қолөнершілерді қолдау аясында «Этно Шымкент» фестивалін өткізуді де жоспарлап қойған.

Бұдан басқа, өңірдің туристік әлеуетін танымал ету және ілгерілету үшін Қазақстанның және басқа елдердің туроператорлары, БАҚ және блогерлері үшін ақпараттық тур ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, көктем мезгілінде «National Geographic Kazakhstan» компаниясымен бірлесе экспедиция, «Қазақстан Мотофедерациясымен» бірлесе мото маусымының ашылуы, «Мобильді арбат» секілді іс-шаралар өтті.

Маусым айында «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының бастамасымен және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ қолдауымен түркітілдес мемлекеттердің туристік орталықтарының тұңғыш конференциясы өтті. Аталған шараға Өзбекстан Республикасының Туризм министрлігі мен өңірлік туризм департаменттері, Қазақстанның 7 өңірінің туристік орталықтарының басшылары мен онлайн режимде Қырғызстан, Әзірбайжан және Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысты.

Айта кетейік, биылғы жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша, қалаға келген туристер саны 216 249 адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7%-ға артты, оның ішінде 200 549 адам ішкі туристер болса, 15 700 адам шет ел азаматтары болып табылады.